«Дін – бейбітшілік бастауы»
Момынай ЖББМ-нің жоғары сынып оқушыларымен «Дін – бейбітшілік бастауы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара Төлеби ауданы бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Кездесу барысында спикерлер діннің қоғамдағы рөлі, бейбітшілік пен татулықты нығайту, жастарды жат ағымдардан сақтандыру, ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне тоқталды.
Оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Аталған кездесу жастардың діни сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталды.