Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"ДІН ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ»

Төлеби ауданы көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру» тобының 2026 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған кездесу жоспарына сәйкес Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бірінші Мамыр ЖББМде "Дін және зайырлы қоғам" тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

Іс шараға: 
Төлеби аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекмурзаев Сеит Даутбекұлы.
Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскер Аяшова Мейраш Абдикалыққызы, "Досалы Ата" мешітінің имамы Жарылкапов Айбек Бектұрсынұлы, 
"Қоғамдық келісім" КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Еркінбек.Ж.

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психолог маманы Оразбай Меруерт Әлімбекқызы және Бірінші Мамыр ЖББМ ұжымы қатысты.

Іс шара барысында жастарға дін мен зайырлылық тұрғысында оқушыларға кеңінен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.  Оқушыларды Жат ағымдардың  құрсауынан алдын ала сақтану,  тап болған жағдайда онымен күресіп, шығу жолдарын көрсетті. 
Іс шара соңында оқушылармен аталған тақырыпқа сай сұрақ-жауап алмасты.