ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ ДЕБАТ ОЙЫНЫ ӨТТІ.
Бүгін ауданымызда Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» медиа жоспарына сәйкес мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында «Онлайн ойындардың қауіптілігі және интернетке тәуелділік» аудандық дебат өтті. Дебат ойынына Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» бөлімінің меңгерушісі Шарипа Құдайбердіқызы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында интернет кеңістігін саналы әрі қауіпсіз пайдалануды насихаттау, онлайн ойындарға тәуелділіктің алдын алу және тәрбие жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Дебат ойынына «Бірінші мамыр» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Жас қыран» командасы, «Алатау» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Алатау тарландары» командасы, «Қазығұрт» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Қазығұрт қырандары» командасы, Киелітас аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Зерде» командасы, «Қасқасу» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Тау жұлдыздары» командасы, «Қаратөбе» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Тағылым» командасы, қала аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Бірлік» командасы, Көксәйек аймағы бойынша «Үш тұғыр» командасы қатысты.
Дебатқа қатысушы 8 команда үш айналым барысында өз ойларын дәлелді жеткізіп, пікір алмасып, маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Нәтижесінде дебат ойынында финалдық айналымнан «Бас жүлдені» қала аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Бірлік» командасы, жүлгелі І орынды «Қазығұрт» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Қазығұрт қырандары» командасы, ІІ орынды «Қасқасу» аймағындағы білім беру ұйымдарынан «Тау жұлдыздары» командасы, ІІІ орынды Көксәйек аймағы бойынша «Үш тұғыр» командасы алды.
Тәрбиелік мәні зор, мазмұнды шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз.