Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Эко жоба жеңімпаздары

15 сәуір күні ProEco-2026 экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңіне ауданнан барған 5 жобада жүлделі орындармен оралды.

«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша
Қасқасу ШШЖБМ-нің 6 сынып оқушысы Ауданбай Дияр Даниярұлы, жетекшісі Мамаева Гулден Бурибеквна - II орын;

«Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» бағыты бойынша Балдыберек жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Таспау Ерсайын Мұхитұлы, жетекшісі Туленова Айтур Дуйсенбаевна - II орын;

Б. Түлкиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Арыстан
Ерсінбек Бахытұлы, жетекшісі Көрегенова Сағила - III орын;

«Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Бірінші мамыр ЖББМ-нің 8 сынып оқушылары Қауымбай Айару мен Бегім Аруна, жетекшілері Серикбаева Гулбану Ержанбайкызы - II орын;

«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Ынтымақ ЖББМ-нің 7 сынып оқушысы Таирова Асия Рамисовна, жетекшісі Әбдиева Жансая Ермекбайқызы –II орын иеленді.

«ProEco» экологиялық жобалар конкурсы — бұл жай ғана конкурс емес. Бұл — болашаққа салынған инвестиция, табиғатты қорғауға деген шынайы қадам және жауапты ұрпақ қалыптастыру алаңы.

Жеңістеріңіз құтты болсын ! Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда еңбектеріңіздің нәтижесі еселеніп, елдің өркениетін көркейтуге үлес қоса беріңіздер!