Білім беру ұйымдарында ер балалардың саналы, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына бағытталған «Саналы жастар» жобасын таныстыру және түсіндіру мақсатында 2026 жылдың 12 наурызы күні №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында барлық білім беру ұйымдарының директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында аталған жобаның негізгі мақсаты мен міндеттерін жоба жетекшісі Майбұлақ жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әбдіжаппар Рамазан таныстырып, білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, ер балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ер балалардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жобаны тиімді жүзеге асырудың тетіктері жөнінде ұсыныстарын ортаға салып, нәтижесінде Ә.Молдағұлова, Б.Биболатұлы, Ы.Алтынсарин, М.Х.Дулати, №2 Ш.Уалиханов атындағы және Мәдени жалпы білім беретін мектептерінде 2025-2026 оқу жылының ІV оқу тоқсанынан бастап «Саналы жастар» жобасы басталатыны айтылды.
Осындай маңызды бастамалар арқылы өскелең ұрпақты саналы, білімді, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат етіп тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.