Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты «Қосағаш» жалпы білім беретін мектебінде 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл, 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығы және Кеңес Одағының батыры, гвардия генерал-майоры Сабыр Омарұлы Рақымовтың 124 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде енгізумен басталып, Мемлекеттік Гимн орындалды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынып, тағзым жасалды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ел қорғау жолындағы жауапкершілікті арттыру, тарихи тұлғалардың ерлігін дәріптеу және ұлттық рухты нығайту.
Тағылымы мол іс-шараға арнайы қонақтар қатысты. Атап айтқанда, түрлі ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Ш.Т., Төлеби аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы подполковник Тоқсейіт М., әскери жетекшілер мен жас сарбаздар, Кеңес Одағының батыры С.О. Рақымов атындағы Әскери колледж директоры полковник Ақшалов М.Е., колледждің жас ұландары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл тобы қатысты.
Қонақтар жастарды Отанға адал қызмет етуге шақырып, ел қорғаған батырлардың ерлігін ұмытпау керектігін атап өтті. Сонымен қатар, Сабыр Омарұлы Рақымовтың өмір жолы мен ерлік істері кеңінен насихатталып, оның қайсарлығы жас ұрпаққа үлгі ретінде дәріптелді.
Шара барысында оқушылар әскери-патриоттық әндер орындап, әскери колледждің жас ұландары қоян-қолтық ұрыс элементтерін, дефиле көрсетіп, патриоттық әндер мен өлең шумақтарын тарту етті. Ал шекарашылар арнайы дайындық тәсілдері мен қызметтік иттердің жаттығуын көрсетті.
Іс-шара соңында мектеп басшылығы құрметті қонақтарға, белсенді жас сарбаздар мен әскери қызметшілерге алғыс білдіріп, мұндай тағылымы мол шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
🇰🇿 Аталған әскери-патриоттық іс-шара жас буынның бойында Тәуелсіз елімізге деген сүйіспеншілікті арттырып, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға зор ықпал етті.