Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ОҚУ РЕСУРСТАРЫН БЕЙІМДЕУ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2026 жылғы 20 ақпанда Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ жоспарына сәйкес №10 жалпы білім беретін мектеп базасында «Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру бағдарламаларына және оқу ресурстарын бейімдеу» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларға арналған білім беру бағдарламалары мен оқу тапсырмаларын, ресурстарды бейімдеудің тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсету және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шараға Түркістан облысының білім басқармасы қарасты «№5 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ және «Төлеби ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мамандары, сондай-ақ ауданның арнайы педагогтері, педагог-ассистенттері мен арнайы сынып мұғалімдері қатысты.
Семинарды ұйымдастыруға «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері Мусабаева Мадина, Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Тұрғанова Ақмарал, аудандық білім бөлімінің әдіскері Желдібаева Гүльдерхан және аудан педагогтері атсалысты.
Семинар барысында арнайы педагогтер тәжірибелік сабақтар өткізіп, инклюзивті білім беру бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Аталған іс-шара инклюзивті білім беру саясатын жүзеге асыру аясында әрбір баланың сапалы білім алуға тең құқығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тәжірибелік алаң болды