Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ӨҢІРДЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Төлеби ауданында білім беру саласына қатысты маңызды кездесу өтті. «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Сусынұлының ұйымдастыруымен Оқу-ағарту министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен жүздесу өткізілді.
Кездесуге Оқу-ағарту министрлігі Қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Өмір Шыныбекұлы, Қоғамдық кеңес мүшесі Бекайдар Тойлыбаев, Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, журналист Сафуан Қадырұлы қатысып, өңірдегі білім беру саласының бүгінгі ахуалы мен өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.
Жиын барысында білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, сондай-ақ саладағы өзге де маңызды бағыттар бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері нақты ұсыныстарын білдіріп, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамаларын ортаға салды.
Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар жүйелі түрде қарастырылып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.