2026 жылғы 31 наурыз күні ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімдерін тереңдету, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, сондай-ақ білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар:
• №7 ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – Қалымқызы Аянат
• Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – Қарабек Кәусар
• Алатау жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы – Махметали Жанерке