Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты №8 жалпы білім беретін мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Қарымды қаламгер, рухты сана, биік арман» атты тағылымы мол шығармашылық кеш өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, ел алдында жүрген азаматтардың өмір жолын үлгі ету, өскелең ұрпақтың болашаққа деген сенімі мен жігерін нығайту болды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде:
- «Төлеби таңы» газетінің редакторы Хангелді Дина Бағланқызы,
- Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев,
- Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Мақсат Тұрымбетов,
- қала әкімдігінің қызметкері Камила Заманқызы қатысты.
Кездесу барысында қонақтар оқушылармен ашық пікір алмасып, мамандық таңдаудың жауапкершілігі, білім мен еңбектің маңызы, үздіксіз ізденіс пен табандылықтың адамды биік мақсаттарға жетелейтіні туралы әсерлі әңгімелер айтты.
Сонымен қатар, жастарға жаңа технологияларды меңгеріп, білім мен өнерді, спорт пен ізденісті қатар алып жүру қажеттігі кеңінен түсіндірілді. Қандай қиындық кездессе де, орта жолдан тоқтамай, алға ұмтылу керектігі жөнінде құнды ойлар ортаға салынды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, олардың болашаққа деген сенімін арттырары сөзсіз.