Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасы аясында 18 мамыр мен 1 маусым аралығында кең көлемді ведомствоаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.  
Басты мақсат — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейту.  
Осы бағытта облыстың барлық білім беру ұйымдары мен жауапты мекемелер бірлескен жұмыстар жүргізеді.  
Білім басқармасы тәрбие бағытындағы жұмыстарды үйлестіріп, «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының» жұмысын жандандырады. Сонымен қатар қоғамдық орындарда арнайы «мобильді кеңестер» ұйымдастырылады.  
Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, түнгі рейдтерді ата-аналар патрулімен бірге өткізеді.  
Ата-аналар қауымдастығы өз ауылдары мен сыныптарында «Көршілер бақылауы» бастамасын іске асырып, балалар қауіпсіздігіне ортақ бақылау жүргізеді.  
Тұжырымдама аясында бірнеше маңызды бағыт бойынша арнайы акциялар мен кездесулер өтеді:  
- «Бақытты отбасы – бақытты ел» жобасы аясында психологтармен кездесулер, отбасылық спорттық жарыстар және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады;  
- «Қауіпсіз балалық шақ» бағыты бойынша құқықтық мәдениетті қалыптастыру, «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз маршрут» акциялары өткізіледі;  
- «Дені сау ұрпақ» жобасында тұрғындарға тегін медициналық кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар ұйымдастырылады;  
- «Сандық әлемге саяхат» аясында ата-аналарға балалардың интернет қауіпсіздігі мен цифрлық бақылау құралдары түсіндіріледі;  
- «Бала қауіпсіздігі – басты орында» бағыты бойынша төтенше жағдай кезінде әрекет етуге арналған мастер-кластар мен «Қауіпсіз үй» акциялары өткізіледі.  
Сондай-ақ, мамыр айының соңына дейін саябақтарда, сауда орталықтарында, ойын алаңдарында және су айдындары маңында арнайы «Мобильді кеңес» жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға жадынамалар мен мамандар кеңесі ұсынылады.  
Баланың қауіпсіздігі — тек отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.  
Бірге қорғайық, бірге қамқор болайық!