"ҚАУІПСІЗ ОРТА - БАҚЫТТЫ БАЛА" ФОРУМЫ
12.01.2026ж күні Төлеби аудандық "Жастар ресурстық" орталығында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында форум өтті.
Форумға ауданның бас прокуроры Дабыл Аянұлы, "ӨРЛЕУ" білікті арттыру ұлттық орталығының басшысы М.А. Медетбекова, Қазақстандағы танымал діни қызметкер, имам және әлеуметтік желіде үлкен аудиториясы бар теолог (дінтанушы‑уахатшы) Нұрлан Байжігітұлы, жерлесіміз, әнші Нурлан Өнербаев және спорт саласының майталмандары Оспанов Арман мен Қаршыға Дәуітбек, сонымен қатар аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы қатысты.
Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасы мен мектептің тәрбиелік рөлі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Форумға Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы және білім бөліміне қарасты мектептердің бірінші басшылары мен педагог-психологтары, ауданның құрметті азаматтары, ата-аналар алқасының төрағалары, сондай-ақ қаладағы бірқатар мектептердің оқушылары және қатысты.
Сонымен қатар, басқа мектептердің оқушылары үшін арнайы бір нүктеден YouTube каналы арқылы сілтеме жолданып, форум тікелей эфирде көрсетілді. Бұл формат іс-шараға қатысушылар санын арттырып, кең ауқымды қамтуды қамтамасыз етті.
Жиын соңында бірқатар білім бөлімінің әдіскерлері мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларына Төлеби ауданының әкімі мен аудандық прокуратурасының алғыс хаты табысталды.
Форумның өткізілуі ауданның балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмысын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.