Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«ҚАЗАҚСТАН БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ» 

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «Қазақстан бейбітшілік пен келісім мекені» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Төлеби ауданы аумағында дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бекітілген жоспарына сәйкес өткізілді.
Кездесуге Төлеби аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекмурзаев Сеит Даутбекұлы.
Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскер Аяшова Мейраш Абдикалыққызы,"Досалы Ата" мешітінің имамы Жарылкапов Айбек Бектұрсынұлы

"Қоғамдық келісім" КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Еркінбек Жақып Асылбекұлы, Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психолог маманы Оразбай Меруерт Әлімбекқызы қатысты.

Іс шара барысында Қазақстан халқы үшін ең қымбат ұғымдардың бірі - келісім. Келісім бар жерде - тұрақтылық, тыныштық бар. Ал тыныштық бар жерде - білім, даму және жарқын болашақ қалыптасады. Әрбір азаматтың тіліне, дініне, ұлтына құрметпен қарау - еліміздің басты қағидаларының бірі екені айтылды.

Оқушылар үшін басты міндет - осы бейбітшілік пен келісімді сақтау. Бір-бірін құрметтеу, өзге пікірге төзімді болу, заң мен тәртіпті сақтау - әр жас қазақстандықтың азаматтық борышы. Теріс идеология мен арандатуға ермеу, сыни ойлай білу - бейбіт қоғамның кепілі.

Бейбіт елдің болашағы - саналы ұрпақ. Сондықтан татулықты қадірлейтін, ел бірлігін бағалайтын ұрпақ болу - біздің ортақ мақсатымыз.оқушылардың киім үлгісіне қатысты заңмен бекітілген ережелермен оқушыларды таныстырып, мектептің бекіткен киім үлгісін киюге шақырды. Сонымен қатар жастарға дін мен зайырлылық тұрғысында оқушыларға кеңінен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды Жат ағымдардың құрсауынан алдын ала сақтану, тап болған жағдайда онымен күресіп, шығу жолдарын көрсетті. Іс шара соңында оқушылармен аталған тақырыпқа сай сұрақ-жауап алмасты.