Наурызнаманың Жаңару күніне орай еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау мақсатындағы дәстүрлі «Күй күмбірі» акциясында бір уақытта 200 домбырашы «Ерке сылқым» халық күйін орындады.
Акция барысында оқушылар бір мезетте күй орындап, күмбірлеген домбыра үнімен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Халқымыздың бай мұрасын насихаттауға бағытталған бұл шара қатысушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухты асқақтатты.