Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Күләш Ноғатайқызының «Үздік» кітабының тұсаукесері өтті
2026 жылдың 30 сәуір күні Түркістан қаласының Оқушылар үйінде Күләш Ноғатайқызының «Үздік» кітабының тұсаукесеріне арналған мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – автормен сұхбаттасу арқылы кітап мазмұнын кеңінен таныстыру, білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісу және оқырмандар арасында пікір алмасу алаңын қалыптастыру. Сонымен қатар, автордың шығармашылық еңбегі мен педагогикалық тәжірибесін насихаттау болды.
Кездесу барысында кітаптың негізгі идеялары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, еңбекте:
– ақпараттық технологиялар дамыған заманда оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
– жылдам өзгеріп жатқан ортада оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру;
– өмірлік дағдыларды қалыптастыру;
– ата-ана мен мұғалімнің бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау мәселелері қамтылғаны атап өтілді.
Іс-шараға Төлеби ауданынан мектеп директорлары мен ата-аналар қатысып, автор Күләш Ноғатайқызы Шамшидиновадан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Автор нақты мысалдар келтіріп, тәжірибелік кеңестерімен бөлісті.
Осындай мазмұнды кездесулер оқушылардың жан-жақты дамуына, ата-ана мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға оң ықпал етеді.