«Құндылыққа негізделген сабақ: мұғалім тәжірибесі»
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» мен Төлеби ауданының білім бөлімі бірлесіп, Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебі базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – педагогтер арасында тәжірибе алмасу, әріптестік байланысты нығайту және курстан кейінгі қолдауды қамтамасыз ету.
Іс-шараға Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Бәйдібек аудандарынан келген мұғалімдер қатысты. Семинар барысында ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары көрсетіліп, құндылыққа бағдарланған білім беруді сабақ мазмұнына кіріктірудің нақты үлгілері ұсынылды.
Семинар соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша КДИ-нің аға оқытушысы Кужимова Ж.Т. және Төлеби ауданы білім бөлімінің әдіскері Лесбекова Н.С. қорытынды жасап, қатысушыларды кәсіби ізденіс пен шығармашылық жұмысқа ынталандырды.
Семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, құндылыққа бағдарланған білім беруді жүзеге асыруға бағытталған тиімді тәжірибелермен толықты.