ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ
Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемелері «Өнерлі өлке» тақырыбында 2025–2026 оқу жылына арналған есеп беру кешін ұйымдастырды.
Есеп беру концерті екі бөлімнен тұрды:Бірінші бөлімде Оқушылар үйі мен көркем сурет мектебінің шығармашылық көрмесі ұсынылып, оқушылар ұстаздарымен бірге түрлі жанрда шеберлік сыныптарын көрсетті.Екінші бөлімде аудандық және қалалық саз мектептерінің өнерпаздары сахна төрінде өнерлерін паш етті.
Іс-шараға облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Айсұлу Егембердиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмағанбетқызы, әдіскер Мейраш Абдикалыққызы, сондай-ақ ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Бұл кеш – шығармашылықтың, еңбектің және таланттың нәтижесін айқындаған тағылымды алаң болды. Қатысушылардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Өнер – ұлттың рухани байлығы. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал етеді.