Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
14 наурыз – Көрісу күніне орай N2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында мектептердің 
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, әріптестер арасында ынтымақтастықты арттыру және білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Ойын барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары, тарихы мен мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.
Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, әріптестер арасындағы бірлік пен сыйластықты нығайта түсетіні сөзсіз.