Құрметті нәзік жандылар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Нәзік жандылар – мейірім мен ізгіліктің символы, отбасының берекесі, қоғамның көркі. Сіздердің даналықтарыңыз бен ізгі жүректеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз қай салада да үлкен жетістіктерге жетелеп келеді. Әсіресе білім саласында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбие дарытып жүрген ұстаз-аналардың еңбегі – ұлт болашағының жарқын кепілі.
Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, сабыр мен парасатқа толы болмыстарыңыз қоғамымыздың дамуына әрдайым күш беріп келеді.
Осы шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрқашан гүлдей жайнап, құрмет пен қуанышқа бөлене беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Білім бөлімінің басшысы
Шұға Тұрмаханбетқызы
