Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалық шақ – әр адамның өміріндегі ең жарқын, ең бақытты кезең. Бұл – арманға қанат бітіріп, білімге ұмтылып, болашаққа нық қадам басатын ерекше шақ. Сіздердің шат күлкілеріңіз, таза көңілдеріңіз бен биік армандарыңыз – еліміздің ең қымбат қазынасы.
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан жақсы білім алып, өнер мен спортта жетістіктерге жетіп, өз мақсаттарыңызға табандылықпен ұмтылыңыздар. Әрдайым ізденісте болып, туған жеріңізді сүйетін, елінің дамуына үлес қосатын азамат болып өсулеріңізге тілектеспін.
Баршаңызға зор денсаулық, мол қуаныш, көтеріңкі көңіл күй және жарқын болашақ тілеймін. Әр күндеріңіз шаттыққа, қызықты оқиғаларға және жаңа жетістіктерге толы болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Шұға Тұрмаханбетқызы
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы