Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Қыздарға әсемдік жарасады» 

Қыз – ұлттың ұяты, елдің көркі, болашақтың айнасы. 

№16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында тәрбиелік мәні зор, тағылымға толы сала мамандарының қатысуымен іс-шара өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – қыз баланың бойына әдептілік пен инабаттылықты сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әсемдік пен сұлулыққа деген талғамын қалыптастыру, сондай-ақ өзін-өзі ұстай білу мәдениетін дамыту болды.

Іс-шараға аудандық прокуратура мамандары, полиция бөлімі қызметкерлері, аурухана саласының әлеуметтік қызметкерлері мен психолог мамандары қатысты.

 

Іс-шара барысында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің маңызы кеңінен насихатталды, қыз баланың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, құқықтық сауаттылық пен психологиялық қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді, қатысушыларға әсерлі бейнероликтер ұсынылып, мазмұнды ой-пікірлер айтылды.

Сала мамандары тарапынан өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қыз балаларға бағыт-бағдар беріп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақта «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген терең мағыналы сөздің аясында бүгінгі іс-шара – сол ұлағатты ұғымның жарқын көрінісі болды.