«Әке ұлағаты – отбасы тірегі, ұлттың соғып тұрған жүрегі»
2026 жылдың 16 қаңтарында Төлеби аудандық «Әкелер кеңесінің» және Төлеби аудандық білім бөлімінің медиа жоспарына сәйкес «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор семинар жоғары деңгейде өтті.
Қазақ халқы ежелден:
«Әке – асқар тау,
Ана – мөлдір бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ»
деп, әкенің отбасындағы, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын ерекше бағалаған.
Семинарымыздың мақсаты :
Әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөлін терең түсіндіру, оның бала тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызын насихаттау. Әке ұлағаты арқылы ұрпаққа адамгершілік, еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, әке өнегесін үлгі ету.
Сонымен қатар, жас ұрпақтың әкеге деген құрметін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, әкенің ұлт болашағын қалыптастырудағы орны ерекше екенін ұғындыру болып табылады.
Семинар барысында:
– әкенің отбасы тірегі ретіндегі рөлі,
– ұлттық тәрбие мен әке жауапкершілігі,
– саналы әке – табысты бала қағидаты кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Түркістан облысы мен Төлеби ауданының зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда:
1. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ газеті, «Айғай» телекомпаниясының президенті, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Арыс, Төлеби, Бәйдібек аудандарының «Құрметті Азаматы» Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі Дулат Әбіш Назарбекұлы,
2. Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалибеков Қанат Жұмағұлұлы,
3. Аманат партиясының Төлеби аудандық филиалының төрағасы Оңғаров Шырынбек Сусынұлы,
4. Төлеби аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ахтаев Сейтхан,
5. Төлеби аудандық білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Аяшова Мейраш Әбдіхалыққызы,
6. Американың Дуглас қаласы Техас университетінің «Жыл үздігі» журналисі Түйетаев Балтабек,
7. Бірінші мамыр ауылдық округі әкімшілігінің қызметкері Шаңбаева Гүлдана,
8. Мектебіміздің Әкелер кеңесінің төрағасы Аманбаев Мамыр Мақұлбекұлы,
9. Ардагер ұстаз Сүлейменов Рахматулла, сондай ақ, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудан мектептерінің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және білім алушылардың әкелері қатысты.
Бағдарлама аясында:
- Педагог-ұйымдастырушы Шакуова Гүлнар семинардың қонақтарын күйшілер тобымен қарсы алды. Көркем еңбек пәні мұғалімдері Жорабаев Бегімжан, Қабылбаева Райхан мектеп дәлізінде білім алушылар жасаған қолөнер бұйымдарының және салған суреттерінің көрмесін ұйымдастырды;
Акт залында мектеп директоры Шакуов Сапарғали Бимырзаұлы алғашқы құттықтау сөзін арнаса, Төлеби аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Мырзалы Ғалымжан Алтынбайұлы қонақтарды таныстырып өтті;
- 4 сынып жетекшісі Кумарбекова Алтынай, 5 сынып жетекшісі Баймбетова Айнұр, 6 сынып жетекшісі Ускенбаева Мереке, 10 сынып жетекшісі Сарыбаева Динара отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және ұлттық құндылықтарды насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған тәрбие сағаттарын өткізді. Білім алушылардың әкелері тәрбиелік іс -шараларға белсене қатысып, мазмұнын ашуға зор үлес қосты;
– Медицина ғылымдарының докторы, профессор Шалхаров Сайлаубек Шалхарұлымен және ол кісінің отбасы мүшелерімен «Ғылыммен өрілген өмір» тақырыбындағы тағылымды кездесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қансеитова Майра жүргізді. Сұхбат барысында ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде бейнеролик көрсетіліп, өмір белестері және ғылыми жетістіктері жөнінде сұрақтар қойылды. Кездесуде ғалымның өмірлік жолдасы Шалхарова Жанат Нығметқызы, қызы Шалхарова Жанар Сайлаубекқызы, ұлы Шалхаров Ернар Сайлаубекұлы және келіні Нартай Ажарға түрлі сұрақтар қойылып, диалог орын алды. Семинарға келген қонақтар Сайлаубек Шалхарұлына жүрекжарды тілектерін арнады. Ғалым ағамыз ризашылығын білдіріп, қонақтарға өзінің “Өмір иірімдері” атты кітабын сыйға тартты;
– «Саналы әке – табысты бала» тақырыбында педагог-психолог Курбанова Қалипа әкелермен пікір алмасу ұйымдастырды;
– Білім алушылардың өнері көпшілікке ұсынылды:
Өнерлі білім алушылардың биі, күйі, сахналық қойылымдары семинардың мазмұнын байытып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Мектебіміздің кәсіби бағдар беруші маманы Иркитов Жарас мектеп ұстаздары: Мырзалиев Нұрдос, Тасқараева Ақерке, Саипова Айгерім және білім алушылармен бірге тәрбиелік мағынасы терең «Отбасылық жағдай» атты сахналық қойылым қойды. 8 сынып білім алушысы Бимырза Көркемжан “ Ерке сылқым” күйін шеберлікпен орындаса, “Шұғыла” би тобы “Жетіген” биін мың бұрала биледі.
– Төлеби ауданының білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскері Аяшова Мейраш Әбдіхалыққызы және Төлеби аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Мырзалы Ғалымжан Алтынбайұлы қорытынды сөз сөйлеп, мектеп өміріне белсене араласып жүрген әкелер мен тәрбие сағаттарын өткізген сынып жетекшілерді марапаттады.
Семинар қорытындысында:
Әке – отбасының тірегі ғана емес, ол – ұлттың рухын сақтаушы, келешекке жол сілтеуші тұлға екені тағы бір мәрте айқындалды.
Бүгінгі семинардан әрқайсымыз жүрекке жеткен ой, санаға түйген тағылым алдық деп сенеміз.
Әке – отбасының тірегі ғана емес, ол – ұлттың рухын сақтаушы, келешекке жол сілтеуші тұлға.
Әке өнегесі бар жерде – береке бар, тәрбие бар жерде – болашақ бар.
Осындай тағылымды іс-шараға қолдау көрсеткен барлық қонақтарға, әкелерге, ұстаздар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, ұрпақ тәрбиесіндегі істеріңізге береке тілейміз!
Осы жиынның өз деңгейінде өтуіне мектеп ұжымының басшысынан бастап, әр бір мүшесі жұмыла әрекет жасап, өз үлестерін қосты. Еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!