“ӘКЕ ӨНЕГЕСІ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ” АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2026 жылғы 20 ақпан күні Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөлімі жоспарына сәйкес, М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектебі базасында аудандық әкелер кеңесінің “Әке өнегесі – ұлт қазынасы” тақырыбында аудандық семинары ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – білім ошағы мен әкелер арасындағы алтын көпірді нығайта отырып, ұлтжанды, адал, жігерлі, парасатты ұрпақ тәрбиелеу, өнегелі әкелердің өмірлік тәжірибесін насихаттау және өзара тәжірибе алмасу.
Іс-шараға:
Ахтаев Сейітхан Ахтайұлы – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ордабеков Мырзақұл Әленұлы – аудандық әкелер кеңесінің төрағасы
Байрамов Джайляу Бабаевич – аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі
Укубаев Сейдилла Жандиллаулы – аудандық мәслихат депутаты
Тастанов Әбдіразақ – ардагер ұстаз
Мырзалы Ғалымжан – Ленгер қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Исманова Розия Ермековна – аудандық білім бөлімінің әдіскері
Сондай-ақ, ардагер ұстаздар, ауған соғысының ардагерлері және ауданның әкелер қауымы қатысты.
Семинар барысында отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шара – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, әкелердің тәрбие үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған маңызды қадам болды.