Қайнар жалпы білім беретін мектеп базасында Төлеби аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Әкелер мектебімен "Әке өнегесі – ұлттық тәрбиенің алтын қазығы" тақырыбында тағылымды семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын нығайту және ұлттық тәрбиені насихаттау болды.
Іс-шара барысында мектептің әкелерімен семинар қонақтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, отбасыдағы әкенің жауапкершілігі, бала мен әке арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында мазмұнды ойлар айтылды.
Семинарға қатысқан әкелер белсенділік танытып, өз ұсыныстарын білдіріп, ортақ пікір қалыптастыруға атсалысты. Мұндай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Іс-шараға келген қонақтар аталған мектепті 25 жыл басқарған ардагер Тұрғанов Жақсыбай ұстаздың атындағы дәстүрлі волейболдан аудандық турнирдің ашылуына қатысып, турнирге қатысушыларға сәттілік тілеп, баталарын берді.
Әкелер мектебінің жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Ұрпақ тәрбиесінде бірлесе атқарған жұмыстарымыз нәтижелі болсын!