КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Қасқасу ауылынан келген тұрғын Ерлан Бексейтовтың жеке мәселесі қаралды. Тұрғынның арыз-шағымы мұқият тыңдалып, көтерілген мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
Сонымен қатар, өтініш бойынша барлық шаралар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатыны түсіндірілді.
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған маңызды жұмыс бағыты болып табылады.