Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты № 10 және № 11 білім беру мекемелерінің Қамқоршылық кеңестерін сайлау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі» ережелері негізінде Төлеби ауданының білім бөліміне бағынысты 
- № 10 және № 11 жалпы білім беретін мекмелерінің қамқоршылық кеңестерін сайлау туралы ХАБАРЛАЙДЫ.

Құжаттарды қабылдау білім беру мекемелерінде іске асырылады.

Құжаттар 2026 жылғы 02 ақпаннан бастап 2026 жылғы 13 ақпанға дейін, жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) сағат 9-00 ден сағат 18-00 дейін, үзіліс сағат 13-00 ден 15-00 дейін қабылданады.

Кеңестің максималды сандық құрамы:
- жалпы білім беретін мекемелерде – 17 адам;

Үміткерлер 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 18-00 дейін төмендегі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Қамқоршылық кеңестері сайланатын «Төлеби ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты № 10 , № 11 жалпы білім беру мекемелерінің пошталық мекен жайлары

1. Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Достық ауылы, Қ.Жылқыбаев көшесі № 63 А.

2. Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «№ 11 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы,4-көше, 25-ғимарат.