Мектебімізде «Кітап оқу – трендте » тақырыбында мазмұнды дебат өткізілді
Дебат барысында қатысушылар кітап оқудың қазіргі жастар үшін маңызын, оның ой-өрісті дамытудағы рөлін және кітаптың заманауи трендтермен қатар жүре алатынын дәлелдеді. Қарсы тарап та өз уәждерін келтіріп, қызықты пікірталас тудырды.
Шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Осындай пайдалы әрі танымдық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!