Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ленгір қаласында білім нысандарының жағдайы қаралды
Бүгін облыстық мәслихат депутаты Елшібай Ғалымжан Қамытбекұлы жұмыс сапарымен Ленгір қаласына келді. Іс-сапар барысында қала әкімі Жұмабаев Мақсат Болысбекұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы бірге қаладағы бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.
Атап айтқанда, №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі мен «Балдаурен» балабақшасының ғимараттарының жай-күйімен танысып, нысандардың материалдық-техникалық жағдайына назар аударылды.
Сондай-ақ мектеп ұжымымен кездесу өткізіліп, білім беру сапасын арттыру, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту мен сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.