«Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс нәтижелеріне дейін».
Білім беру сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту мақсатында білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жаңа-ұйым» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде Lesson Study әдісі бойынша тәжірибелік алаң өткізілді.
Іс-шара барысында мұғалімдер бірлескен зерттеу жүргізудің тиімді жолдарын талқылап, сабақ үдерісін жетілдіруге бағытталған тәжірибелерімен бөлісті. Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың оқу сапасын арттырудың нақты әдістері қарастырылып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.
Аталған жұмыс педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісін жаңартуға мүмкіндік береді.