Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

18 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Төлеби аудандық білім бөлімінің барлық білім беру ұйымдарының педагог-ұйымдастырушыларының қатысуымен «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында ұлттық киімдер дефилесі көрермендерге ерекше әсер сыйлап, «Киіз үй сәні» көрмесі ұлттық нақышты дәріптеді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылып, қызықты сәттерге толы болды.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында екі апаның қатысуымен ұршық иіру рәсімі көрсетіліп, ата-бабамыздан қалған асыл мұра кеңінен таныстырылды. 
Мереке ұлттық әндер мен әсем билерге ұласып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара Наурыз дастарханы жайылып, ақ батамен қорытындыланды. 
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, рухани байлығымыздың көрінісі!