Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Наурызнама онкүндігінде «Ұлттық ойындар керуені» атты бірыңғай республикалық  акциясы аясында «Қазығұрт» жалпы білім беретін мектеп базасында іс-шара ұйымдастырылды.  
Күштілікке, ептілікке, батылдыққа тәрбиелеу жөніндегі халықтық дәстүрлердің жалғасын тапқан іс-шарада 200 ден аса оқушы арқан тартыс, қол күрес, асық ату, тоғызқұмалақ, орамал тастамақ сияқты ұлттық ойындарға қатысып, өнерлерін көрсетті. 
Іс-шара барысында оқушыларға ыстық бауырсақтар таратылып, қазақтың дархан көңілі мен кең пейілі насихатталды. Бауырсақ – береке мен бірліктің, қонақжайлықтың белгісі екені тағы бір мәрте дәріптелді.
Бұл шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ата-бабадан қалған асыл мұраларды құрметтеуге тәрбиеледі.
Ұлттық спорт күні – тек жарыс емес, ол рухты көтеретін, дәстүрді ұлықтайтын, ұрпақты біріктіретін маңызды күн!