Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес аудандық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы ағымдағы жылдың 18 наурыз күні 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру. Әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау мақсатында өткізілген аудандық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы 5 бағытта өтіп, Жаңажол, №10, Әңгірата, Қайнар, Қосағаш жалпы білім беретін мектептерінің жеңімпаз оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды.
Байқау барысында қатысушылар ақын мұрасын дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттады.
Жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бұл шараның маңызы зор болды.