Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЯН ТАЛҒАТҰЛЫМЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты №11 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аян Талғатұлының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мектептің акт залында ауыл тұрғындары мен партия белсенділерімен жүздесу ұйымдастырылып, қоғамдық маңызы бар бастамалар, партия жұмысының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, облыстық мәслихат депутаты, сондай-ақ «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратов қатысты.

Кездесу барысында партияның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі атап өтіліп, «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай бірқатар азаматтарға мерекелік төсбелгілер табыс етілді.
Іс-шара соңында Мәжіліс депутаты Шұға Тұрмаханбетқызына және мектеп ұжымына алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.