Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

МӘЖІЛІСТЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Жастар ресурстық орталығының ғимаратында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған мекемеаралық мәжіліс өтті.
Мәжіліске аудан прокуроры Дабыл Аянұлы төрағалық етті. Сондай-ақ, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі әрі кешенді жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл округтерінің әкімдері, мектеп директорлары, педагог-психологтар аудандық полиция бөлімінің басшылығы және жергілікті полиция инспекторлары қатысты.
Мәжіліс барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Т. Нурабаева баяндама жасап, білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, оқушылар арасында жүргізіліп отырған профилактикалық іс-шаралар, тәрбие жұмыстары және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
 Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, жасөспірімдер арасындағы профилактикалық шараларды жандандыру, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді