Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Мағжан оқулары» байқауында жүлделі орындар! 
16 сәуір күні облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 8–11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» байқауы өтті.
 Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
 «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» бағыты
Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ошақбай Қарлығаш І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Қазбекова Айымжан.
«Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты
Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Асқар Балым ІІ орын иегері атанды.
Жетекшісі: Тилемисова Бағила.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты
Керегетас шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Абдрахман Риза ІІ орын алды.
Жетекшісі: Еринбетова Райхан.
Жеңімпаздарымызды және жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!