МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ШАХМАТ: ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҮНДЕСТІГІ
Шұбарағаш шағын жинақты бастауыш мектебінде бастауыш сынып білім алушыларының логикалық және математикалық ойлау қабілеттерін шахмат элементтері арқылы дамыту, сондай-ақ пәнаралық байланысты тиімді ұйымдастыру мақсатында «Математика және шахмат: логикалық ойлау үндестігі» тақырыбында тәжірибелік алаң ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Шахмат негіздері» оқу пәнін жүргізетін педагогтер мен жас мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
«Шахмат әлеміне саяхат» тақырыбында білім алушылар сахналық қойылым ұсынып, ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, көтеріңкі психологиялық көңіл-күйде мектепалды даярлық және бастауыш сыныптардың ашық сабақтарына қатысып, білімдерін көрсетті.
Іс-тәжірибе алаңы шебер-сынып, коучинг және командалық жұмыстар арқылы жалғасып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.