Мектеп директорларын әдістемелік-кәсіби қолдау.
Төлеби ауанының білім бөліміне қарасты Керегетас шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорларына арналған әдістемелік көмек көрсету семинары өткізілді.
Семинар барысында білім бөлімінің әдіскерлері Ә. Дарганова мен А. Алтенова білім алушылардың эмоционалдық жай-күйін қолдау және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынып, «Отбасы PRO», «Саналы таңдау – жарқын болашақ» жобаларының өзектілігін таныстырды.
Практикалық бөлімде қатысушыларға нақты тәжірибелер ұсынылды. Атап айтқанда:
– әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Тұрғанова 11-сыныпта география пәнінен;
– әдіскер Н. Лесбекова 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен;
– Б.Биболатұлы атындағы ЖББМ директоры Н. Пардабеков 8-сыныпта биология пәнінен;
– Қасқасу ШЖЖББМ оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Есмұрзаев 9-сыныпта математика пәнінен;
– №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі М. Тезекова 2-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында мектеп директорлары үшін өзекті бағыттардың бірі – сапалы сабақты басқарушылық тұрғыдан талдау мәселесі кеңінен қарастырылды.
Әдістемелік кабинет әдіскерлері А. Тұрғанова, А. Аульбекова, С. Бакирова, Н. Лесбекова тарапынан сабақ талдаудың тиімді тәсілдері, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің сәйкестігі, саралау мен бағалаудың байланысы, пәнге құндылықтарды кіріктіру алгоритмі бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, AI дәуіріндегі Growth Conversation – директор мен мұғалім арасындағы кәсіби диалог мәдениетін қалыптастыру жолдары көрсетіліп, кері байланыстың тиімді әдістері практикалық түрде ұсынылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар сапалы сабақ талдаудың мектепішілік басқарудағы маңызын атап өтті. Мектеп директорлары сабаққа қатысу барысында тек бақылаушы емес, білім сапасын арттыруға ықпал ететін көшбасшы ретінде әрекет ету қажеттігіне ерекше назар аударды.