«МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: БІР МАҚСАТ; БІР БАҒЫТ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН АҚЫЛДАСУ САҒАТЫ ӨТТІ.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан әкімдігі, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Мектеп пен ата-ана: бір мақсат, бір бағыт» тақырыбында ақылдасу сағаты өтті. Ақылдасу сағатының мақсаты мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті айқындау, білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің бір бағытта жұмыс жүргізудің маңызын түсіндіру. Құқықбұзушылықтың бірлесіп алдын-алу.
Ақылдасу сағатына Аудан әкімінің орынбасары - Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы, аудандық прокуротураның прокуроры - Садуақас Аяр Ерболатұлы, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Әуелбек Сұлтан Бердадинұлы және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы - Ештаев Ғалымжан Жайлауханұлы және қатысты барлық мектеп директорлары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және барлық білім беру ұйымдарынан ата-аналар қатысты.
Ақылдасу сағатын аудан әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы ашып беріп, жастар Жиналысты ашып беріп, жастар арасындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Ақылдасу сағатынның күн тәртібі бойынша
- Әдістемелік кабинет әдіскері Аяшова Мейраш Абдықалықызы қыркүйек пен қаңтар аралығындағы құқықбұзушылық бойынша жүргізілген мониторинг жасады.
- Төлеби аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Әуелбек Сұлтан
Бердадинұлы оқушылар арасындағы құқықбұзушылық деректерге талдау жасады.
- Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Ештаев Ғалымжан Жайлауханұлы Мәселені шешудегі мектеп, ата-ана және қоғамның бірлескен әрекеті туралы тоқталды.
- Әдістемелік кабинет әдіскері Дарганова Асель «Психолог + ата-ана = бақытты бала» тақырыбында психологиялық жобасының таныстырылым жасады.
Ақылдасу сағатында сұрақ-жауап айдарына кезек беріліп, ата-аналар өз ұсыныстарын, ойларын ортаға салды.
Ата-аналардың сұрақтарына, білдірген пікірлерге білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы толық жауап беріп, бала тәрбиесі – үздіксіз және бірлескен жұмысты талап етітіндігіне тоқталды. Мектеп пен ата-ана бірлессе әрекет еткенде ғана жақсы нәтиже болатындығын,алдағы уақытта да осы ынтымақтастықты нығайтып, балаларымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырды.