Байқаудың мақсаты – тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, экологиялық ұғымдарын қалыптастыру.
Байқау барысында бүлдіршіндер өздерінің қызықты зерттеу жұмыстарын ұсынып, табиғат құбылыстары мен қоршаған орта туралы тың идеяларымен бөлісті. Кішкентай зерттеушілер тәжірибе жасап, бақылау жүргізіп, өз қорытындыларын дәлелдеуге тырысты. Бұл олардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерінің арта түскенінің айқын дәлелі болды.
Аудандық кезеңге 26 үміткер қатысып, нәтижесінде Жаңаұйым жалпы білім беретін мектебінің тәрбиеленушілері Темир Нурислам мен Жамбыл Нұртас жүлделі І орынды иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Осындай іс-шаралар балалардың ізденімпаздығын дамытып, білімге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.