Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Мектепалды даярлық сыныптағы ұйымдастырылатын іс-әрекет: сапалы білім, мақсат, әрекет, нәтиже»
Төлеби ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында әдістемелік қолдау жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында:
«Бір сөзбен» танысу тренингі өткізілді;
Google Forms платформасы арқылы педагогтерден сауалнама алынды;
Бастауыш сынып әдіскері А.Аульбекова мектепалды даярлық сыныптарындағы білім беру процесінің қазіргі көрсеткіштеріне талдау жасады;
Аралас тілді мектептерде мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді жолдары, соның ішінде «Тілге бойлау» бағдарламасын жүзеге асыру критерийлері мен индикаторлары түсіндірілді;
«Нәтижеге бағытталған жоспарлау моделі» шеберлік алаңында «Қате жоспарды түзет» әдісі арқылы тәжірибе алмасу және практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Аталған семинар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мектепалды даярлық сыныптарында сапалы білім мен тәрбие беруді жетілдіруге зор мүмкіндік берді.
Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды!
Қандай идеялар немесе тәжірибелерді бөлісуді қалайсыздар?