Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 27 наурызда «Мағжан бөбекжай-бақшасы» МКҚК-де «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде педагогтың қызметі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды ұйымдастырушы – «Білім беруді дамыту орталығы» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіскері Г. Кульбаева болды.
Семинардың негізгі мақсаты – курс барысында алынған білімдерді тәжірибеде қолдану, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамыту моделін тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылау. Қазіргі таңда педагогтың рөлі тек білім беруші ғана емес, баланың дамуына бағыт-бағдар беруші, ұйымдастырушы және зерттеуші тұлғаға айналып отыр. Сондықтан дамыту моделінің мазмұнын терең түсіну – семинардың басты міндеті болды.
Балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына үлес қосатын педагогикалық тәжірибе алмасу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.