Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 2026 жылғы 6-наурыздағы №273 хатына сәйкес, жас ұрпаққа әскери-тәрбие беру, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және елге еңбегі сіңген ұстаздың өнегелі өмір жолын насихаттау мақсатында, Төлеби ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Панзабеков Төребектің туғанына 80 жыл толуына орай «МЕНІҢ ІСІМ – ӨНЕГЕ» атты облыстық турнир өткізілді.
Жарысқа облысымыздың 17 ауданы қатысып, біздің ауданнан:
40 жасқа дейінгі команда: 1 ұл, 1 қыз бала және пән мұғалімі
40 жастан асқан команда: 1 ұл, 1 қыз бала және пән мұғалімі
қатысты.
Нәтижесінде:
40 жастан асқан команда – 1 орын
40 жасқа дейінгі команда – 2 орын
Бұл жетістік – ауданымыздың білім бөлімінің, мектеп басшыларының және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдерінің кәсіби білімі мен біліктілігінің арқасында.