Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНЕ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНАН 124 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ
 Ел үміті қорының бастамасымен ұйымдастырылған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі Шымкент қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығында өтті. Аталған кезеңге Төлеби ауданының ауыл мектептерінде білім алатын 6-сынып оқушыларынан 124 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. 
 Олимпиаданың басты мақсаты – ауыл мектептерінде білім алып жатқан дарынды оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды қолдауға және дамытуға жағдай жасау.
 Қатысушылар компьютерлік тестілеу форматында келесі пәндер бойынша тапсырмалар орындады:
математикалық сауаттылық
 қазақ немесе орыс тілі (оқыту тіліне байланысты)
 ағылшын тілі
 жаратылыстану
 Тест жұмысы 100 сұрақтан тұрып, 150 минутқа созылды.
 Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар Дарын, БИЛ және РФММ секілді мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқу мүмкіндігіне ие болады.
Дарынды жастарды қолдау – ел болашағына салынған маңызды инвестиция!