Наурызнама онкүндігі аясында №7 ІТ мектеп-лицейінде ерекше әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырды.
Бір мезетте 300 оқушы қазақтың төл өнерінің бір белгісі – «Қошқар мүйіз» оюын қағаздан қиып, өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл бастама – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және салт-дәстүрге деген құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ою-өрнек – халқымыздың рухани байлығы мен тарихының айнасы. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақ ата-баба мұрасын танып, оны қадірлеуге үйренеді.
Барлық қатысушы оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
🇰🇿 Ұлттық өнеріміз өркендей берсін!