Наурызнама онкүндігі аясында аудан мектептерінде «Мәдениет және салт-дәстүр күні» кең көлемде аталып өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-бабадан мирас болып қалған салт-дәстүрлерімізді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында түрлі танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың бай мәдениеті мен тағылымға толы дәстүрлерін таныстырып, тұсау кесу, бесікке салу, арқан тарту, қамшы өру сияқты ұлттық дәстүрлерді көпшілікке көрсетті.
Сонымен қатар ұлттық ойындар ойналып, әдет-ғұрыптар кеңінен насихатталды. Мұндай шаралар оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, мәдени мұрамызға деген құрметін арттыруға бағытталған.
Ұлттық дәстүр – ұлттың рухани байлығы. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақ ата дәстүрін қадірлеп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді.