2026 жылғы 15 мамыр күні Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернаты базасында 7–11-сынып оқушылары арасында облыстық «М.Мақатаев оқулары» байқауы өтті.
Аталған байқауда Төлеби ауданының оқушылары жүлделі орындарға ие болып, аудан мерейін үстем етті.
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша
№7 IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Мыңжасар Аңсар — ІІІ орын
Жетекшісі: Булекбаева Лаура
«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша
«Қаратөбе» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аширхан Толғанай — І орын
Жетекшісі: Амирова Ләззат
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша
М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сарсен Меруерт — ІІІ орын
Жетекшісі: Камытбекова Камшат
«Дариға, домбырамды берші маған» бағыты бойынша
«Балдыберек» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Тимебай Ерасыл — ІІ орын
Жетекшісі: Жанысбаева Айжан
Жеңімпаз оқушылар мен жетекші ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!