Облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды
10 сәуір күні Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағыты бойынша
Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Қадыр Аяна – І орын
Жетекшісі: Казбекова Айымжан
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми-зерттеу жобасы бағыты бойынша
№10 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Қазбекұлы Мұхитәлі – ІІІ орын
Жетекшісі: Аюбаева Жамила
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша
Әңгірата жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Исахан Балнұр – ІІІ орын
Жетекшісі: Тулеметова Қарашаш
«Білімді, зерек адам болам десең, қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты бойынша
Қосағаш жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Самадилла Еңлік – ІІІ орын
Жетекшісі: Искакова Раушан
Жеңіске жеткен оқушыларымызды және оларды дайындаған ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, алар асуларыңыз биік болсын!