Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Қорқыныш пен күйзеліс: ішкі мазасыздықтың себептері және алдын алу, болдырмау» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 10 жалпы білім беру мектеп базасында өтті. 
Іс-шараның негізгі мақсаты – психолог мамандардың әдістемелік қорын заманауи құралдармен толықтыру, білім алушылар арасындағы күйзелістің алдын алу, сондай-ақ «үштік одақ» аясында аутодеструктивті мінез-құлықтың тиімді алдын алу жолдарын көрсету болды. 
Семинар барысында қатысушыларға арналған тәжірибелік сабақтар өткізіліп, жаңа жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, сала мамандары өзара тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтты. 
Аталған іс-шараға Төлеби ауданының прокуроры Дабыл Аянұлы, Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығының директоры Қолдасова Оразкүл Шайхықызы және білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысты. 
Семинар қорытындысында қатысушыларға практикалық маңызы жоғары ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жандандыру бағыттары айқындалды.