ОҚУШЫЛАРМЕН ТӘРБИЕЛІК–ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
15.01.2026 жылы білім бөлімінің әдіскері Исманова Розия Эрмековна “Жастар денсаулық орталығының” психолог маманы Амирбекова Акжан Кенжебекқызымен бірлесе отырып, “Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері, сондай-ақ ерте жүктілік, маскүнемдік, нашақорлық, лудомания, құмар ойындар және балалар арасында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.
Аталған іс-шара “Әл-Фараби”, “Тағайна” және С. Темірбеков атындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, зиянды әдеттердің салдары, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, нақты өмірлік мысалдар арқылы мәселелер ашып көрсетілді.
Сонымен қатар Kahoot (Кюзис) платформасы арқылы оқушылардан кері байланыс алынып, олардың белсенділігі мен тақырыпқа қызығушылығы жоғары деңгейде болғаны байқалды. Кездесу оқушыларға пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.
Алдағы уақытта да балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған осындай профилактикалық жұмыстар жалғасын табатын болады.