2026 жылғы 6 мамыс күні Төлеби ауданына қарасты №16 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 7 мамыс – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыс – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Отан қорғау – қасиетті борыш» атты әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Тағылымы мол кездесуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Шерімхан Шаңбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы, Шымкент қаласы бойынша подполковнигі Сапарғали Түймебеков және Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері Мейраш Аяшова арнайы қатысып, жастарға патриоттық бағытта өнегелі әңгімелер айтты.
Қонақтар алдымен мектеп аумағындағы ескерткішке тағзым жасап, мектептің 11-сынып оқушыларымен бірге гүл шоқтарын қойды. Кездесу барысында қонақтар оқушыларға елге адал қызмет ету, Отанды сүю, ерлік пен жауапкершілік туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық әндер шырқалып, әсерлі қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.